A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 16:00 0

21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатқандарға жауапкершілік енгізілмек

Бүгін / Республика

21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатқандарға жауапкершілік енгізілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің жауабында айтылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Соңғы жылдары елде салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі дұрыс тамақтану, жастар денсаулық орталықтарын дамыту, темекі мен алкоголь тұтынуды азайту, дене белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу сияқты іс-шараларды қамтитын жол карталарын іске асырып жатыр, — деді вице-премьер.
Осы орайда ол бірқатар маңызды заңнамалық бастама қабылданғанын атап өтеді.
— Атап айтқанда, вейптерді әкелуге және сатуға, 21 жасқа дейінгі тұлғаларға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды. Темекі мен алкоголь тұтынуды азайту жөніндегі шаралар бекітілді. Алғаш рет энергетикалық сусындарға акциздер енгізіледі. Мектеп тағамы стандарттары қайта қаралды. Қазіргі уақытта 21 жасқа дейінгі тұлғаларға энергетикалық сусындарды сату нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу шаралары қарастырылып жатыр, — деді Серік Жұманғарин.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив