Қыркүйекте өткен “Altay Invest 2025” халықаралық инвестициялық форумында Алтай ауданының әкімдігі 61,2 млрд теңгені құрайтын 4 меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның ішінде бірқатар маңызды жоба бар. Мәселен, екі су электр станциясының құрылысы (жалпы қуаты 45 МВт) - 45 млрд теңге, бір су электр станциясы (15 МВт) - 15 млрд теңге, Бұқтырма станциясында демалыс базасын салу - 400 млн теңге, «Гранд Фиш» ЖШС-ның балық өнімдерін Қытайға экспорттау үшін 800 млн теңге инвестиция тарту жоспарланған.
Пікірлер