Оның ішінде Мемлекет басшысының «Әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасы бойынша 609 тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімі Ренат Құрмамбаев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Алтай ауданында жұмыссыздық деңгейі 4,5%-дан 4,2%-ға дейін төмендеді. Субсидияланатын жұмыс орындарына 1 135 азамат орналастырылса, аудан кәсіпорындары мен ұйымдарындағы бос орындарға 1 660 адам жұмысқа тұрды. Соңғы екі жылда аудан колледждері мен Зубовск кентіндегі «Фаворит» ЖШС-ның оқу орталығы базасында 62 жұмыссыз азамат «электромонтер», «ағаш өңдеу станогының операторы», «аспаз» сынды мамандықтар бойынша кәсіби білім алды, - деді аудан басшысы.
Чапаево ауылындағы ауыл шаруашылығы колледжінде «көкөніс немесе жеміс консервілерін өндіру операторы» атты жаңа мамандық ашылып, 1 қазаннан бері 4 адам онлайн форматта оқып жатыр.
Сондай-ақ мансап орталығында 14 бос орындары жәрмеңкесі өткізілген. 2024-2025 жылдары аудан бойынша әлеуметтік осал топтағы азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында 25 грант берілген.
Пікірлер