A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 17:00 0

Қазақстанда 2026 жылы құжат алу қанша болады?

Бүгін / Республика

Жаңа 2026 жылда құжат жасау ақысы қалай өзгеретіні белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

2026 жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 393 теңгеге артады.

2024 жылы 1 АЕК 3 692 теңге болса, 2025 жылы 3 932 теңгеге дейін өсті. Енді келер 2026 жылы бұл көрсеткіш 4 325 болады. Дәл осы көрсеткішпен құжат жасау қызметінің ақысын есептейді.

Мәселен, жеке куәлік үшін 0,2 АЕК алады. Демек, жаңа жылда жеке куәліктің бағасы 865 теңге болады. Ал 36 беттік төлқұжат үшін 8 АЕК немесе 34 600 теңге төлеуге тура келеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив