A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 16:30 0

Өскеменде жастар арасында дебат турнирі өтті

Бүгін / Өскемен

Бүгін С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да студенттер арасында маңызды тақырыптарды қамтыған қалалық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырмасымен қолға алынған іс-шарының мақсаты — жастар арасындағы лудоманияның, суицидтің және құқықбұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау.
Турнирге жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерінен құралған 15 команда қатысты. Әр топтың құрамында 5 адамнан болды. Пікірсайыстың өзі екі лига бойынша қазақ және орыс тілдерінде өтті. 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастарға қоғамдағы өзекті мәселелерге бей-жай қарамай, ой-пікірін ашық жеткізуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар олардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
– Біз жастардың белсенділігін арттырып, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беріп отырмыз. Пікірсайыс барысында лудомания, суицид, құқықбұзушылықтың себептері мен салдары кеңінен талқыланып, оны болдырмау жолдары қарастырылды, - деді дебат турнирінің ұйымдастырушы Ольга Борисовна.
Іс-шара соңында үздік командалар мен қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив