A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 17:20 0

Алтай ауданында облыстық семинар өтті

Бүгін / ШҚО / Алтай

14 қарашада Алтай ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығында "Мәңгілік ел - мәңгілік тіл: Қазақ тілін ересектерге үйретуде тілдік құзіреттіліктерді меңгертудің тиімді жолдары" тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Семинарға Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова, Шығыс Қазақстан Лингвистикалық орталығының директоры Әсемгүл Абзалова, басқа аудандардағы тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен қазақ тілі оқытушылары қатысты. 
Тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі оқытушылары А.Е. Акимаева "Ересектерге қазақ тілін үйретуде тілдік құзіреттіліктерді меңгертудің тиімді жолдары" шеберлік сыныбын, ал Р.К. Бегалина "Отбасылық құндылықтар тренингін" ұсынды. 
Сонымен қатар Алтай қаласының №9 орта мектебіндегі Қанипа Бітібаева атындағы кабинетке саяхат жасалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив