A+ A A-

talgatzhan 27 Бүгін, 17:30 0

Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барды

Бүгін / Республика

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Шығыс» әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Мемлекет басшысын Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды. 

Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдету жөнінде пікір алмасты. 

Сапар бағдарламасына сәйкес ертең президенттер келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив