A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:20 0

ТЖМ тікұшағы жаңа туған нәрестені шұғыл түрде Өскеменге жеткізді

Бүгін / Өскемен

Қазавиақұтқару әуе құрамының ұшқыштары Сергей Пинигин мен Азамат Кабден, сондай-ақ санитарлық авиация дәрігерлері Ботагөз Акашева және Лариса Величко жаңа туған нәрестені Риддерден Өскеменге шұғыл жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Медициналық көрсеткіштер бойынша шұғыл тасымалдауды қажет еткен сәби арнайы жабдықталған ТЖМ тікұшағымен облыстық медицина орталығына жеткізілді.
Ұшу сәтті өтті. Авиациялық экипаж бен дәрігерлердің жедел және кәсіби жұмысының арқасында баланың өміріне қажетті медициналық көмек дер кезінде көрсетілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив