A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:05 0

Өскеменде балаларға арналған қайырымдылық фестивалі өтті

Бүгін / Өскемен

Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Балалықтың бояулары» атты балалар фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл іс-шара алғаш рет 2023 жылы ата-аналар мен белсенді тұрғындар бастамасымен шағын түрде өткізілген еді. Жыл сайын қатысушылар саны көбейіп, облыстық деңгейге көтерілді.  Фестивальді облыстық және қалалық әкімдіктер қолдап отыр. 
Іс-шараның мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау. Бас ұйымдастырушы Евгений Курлыкиннің айтуынша, биыл бағдарлама ауқымы кеңейді.
– Белгілі бір жасқа жеткенде мен уақытты, ақшаны, күш-жігерді есептей бастадым. Сол кезде түсінгенім, мен өзгелерге емес, өзіме көп көңіл бөлемін. Ал қоғамға қандай пайда әкеліп жатырмын? Осыдан кейін көзқарасымды, бағытымды өзгертуге бел будым. Ең бірінші ойлағаным сол, балаларға арналған қайырымдылық концертін ұйымдастыру. Алғашында бұл тек концерт болды, бірақ кейін балалар мен ата-аналар өтініші бойынша осындай фестивальге айналды. Бұл шара достарым мен таныстарымның қолдауы және мейірімді адамдардың көмегімен жүзеге асырылып келеді, – деді Евгений Курлыкин.
Сахна төрінде «Непоседы», «Пируэт Family», «Арабика» және «Алиша» шығыс би студиялары, «Чудики» би тобы, жас әншілер өнер көрсетті. «Кішкентай ел», «Батыл бол», «Әртүрлі бояулармен», «Менің досым», «Сен емес» сынды балалар әндері шырқалып, түрлі би қойылымдары ұсынылды. 
Мерекелік кеш соңында қатысушылар «Балалық шақ, қайда кеттің?» әнін шырқап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив