A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:20 0

ШҚО-да полицейлерге көңіл көтеру орындарынан 864 шақырту түсті

Бүгін / ШҚО

ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, жыл басынан бері өңірдегі дәмхана мен мейрамханалардан 864 шақыру тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

102 арнасына құқықбұзушылықтар туралы хабарламалар бес жерден жиі түскен. Нақты айтсақ, Bike Club — 84 шақыру, «Сибинка» — 44 шақыру, «Bavaria» бары — 43 шақыру, «Дильназ» кафесі — 37 шақыру, «Brilliant» ресто-бар караоке — 35 шақыру. 
Нәтижесінде аталған нысандар басшылығына құқықбұзушылықтардың алдын алу және оларға ықпал ететін себептерді жою туралы ресми ұсынулар жолданды.
Полиция облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады. Мереке және демалыс күндері ойын-сауық орындарында келушілер саны артып, құқықбұзушылықтардың туындау қаупі жоғарылайды. 
Егер жанжал шығып, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, дереу 102 нөміріне хабарласу қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив