A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 12:00 0

Өскеменде мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Бүгін / Өскемен / Спорт

Барлығы 86 спортшы бірінші спорттық санат, спорт шеберіне кандидат және спорт шебері санаттарында бақ сынайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сайысқа Шымкент, Астана, Алматы, Павлодар, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда мен Алматы облысынан қатысушылар келді. 

Шығыс Қазақстан облысының құрама командасында өнер көрсететіндер:

І спорттық санат: Варвара Кабардина, Василиса Журкина, Кира Комбарова, Мария Сосновская және Джохангир Әбілқасымов.

Спорт шеберіне кандидат: Екатерина Доставалова, Полина Химина, Лея Эркин, Жанель Бахтубаева және Семен Резник.

Спорт шеберлері: Амина Шалимбекова және София Мұхаметқайырова.

 

17 қараша: 

12:00 – 15:00 – І спорттық санат. Қыздар мен ұлдар. Еркін коньки тебу.

15:10 – 18:00 – Спорт шеберлері. Әйелдер және ерлер. Қысқа коньки тебу.

 

18 қараша:

12:00 – 15:30 – Спорт шеберіне үміткер. Қыздар және ерлер. Еркін коньки тебу.

15:30 – 16:00 – Спорт шеберлері. Ерлер. Еркін коньки тебу.

19:00 – 21:30 – Спорт шеберлері. Әйелдер. Еркін коньки тебу.

 

Жарыс Б. Александров атындағы спорт сарайында өтуде. Кіру тегін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив