A+ A A-

talgatzhan 4 Бүгін, 12:30 0

ШҚО-да 2700-ден астам үйге датчиктер орнатылуда

Бүгін / ШҚО

Жылыту маусымында  төтенше жағдайлар қызметі өңірдегі пешпен жылытылатын үйлерге ерекше назар аударып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Құтқарушылар үй-үйді аралап, өрттің алдын алу және пешті дұрыс пайдалану ережелерін түсіндіруде. Облыста әлеуметтік осал санаттағы 2700-ден астам отбасы үйлеріне көмірқышқыл газының датчиктері орнатылуда. ТЖД қызметкерлері бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар және әлеуметтік қорғау мамандарымен бірлесіп жүзеге асырады. Улы газ бөлінген жағдайда датчик дабыл қағып, тұрғындарды дер кезінде ескертуге мүмкіндік береді.

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржановтың айтуынша, улану жағдайларының көпшілігі жеке үйлерде тіркеледі. Әсіресе, жарығы бар пештерден қауіпті газ бөлініп, тұрғындарға ұйықтап жатқанда ыс тию қаупі жоғары.

Айта кетейік, биыл облыста 20 мыңнан астам алдын алу рейді өтіп, пешті дұрыс пайдаланбауға байланысты 9 мыңға жуық заңбұзушылық анықталған.

Бұдан бөлек, құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. 
- Үйден шығарда электр құралдарын өшіріңіз. Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз. Пеш мұржасын әр 3 ай сайын тазалап, пешті қызып кетуден қорғаңыз. Күл-қоқысты қауіпсіз жерге төгіп, сумен сөндіріңіз, - делінген ақпаратта.
 және пешті дұрыс пайдалану ережелерін түсіндіруде. Облыста әлеуметтік осал санаттағы 2700-ден астам отбасы үйлеріне көмірқышқыл газының датчиктері орнатылуда. ТЖД қызметкерлері бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар және әлеуметтік қорғау мамандарымен бірлесіп жүзеге асырады. Улы газ бөлінген жағдайда датчик дабыл қағып, тұрғындарды дер кезінде ескертуге мүмкіндік береді.

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржановтың айтуынша, улану жағдайларының көпшілігі жеке үйлерде тіркеледі. Әсіресе, жарығы бар пештерден қауіпті газ бөлініп, тұрғындарға ұйықтап жатқанда ыс тию қаупі жоғары.

Айта кетейік, биыл облыста 20 мыңнан астам алдын алу рейді өтіп, пешті дұрыс пайдаланбауға байланысты 9 мыңға жуық заңбұзушылық анықталған.

Бұдан бөлек, құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. 
- Үйден шығарда электр құралдарын өшіріңіз. Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз. Пеш мұржасын әр 3 ай сайын тазалап, пешті қызып кетуден қорғаңыз. Күл-қоқысты қауіпсіз жерге төгіп, сумен сөндіріңіз, - делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив