Борыштары өтелмеген азаматтар енді жаңа кредит ала алмайды. Экономист Айбар Олжай бұл шараның мақсаттарын “қарыз алушыларды мұқият тексеріп, төлем қабілеттілікті қамтамасыз ету” деп сипаттады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Экономист сарапшы Айбар Олжай “15 минуттық экономикалық шолу” жобасында өткен жылдан бастап қарызы өтелмеген адамға жаңа несие берілмейтінін хабарлады. Оның айтуынша, борышкер болып қалған адам бұрынғы қарызын өтемей, жаңа кредит ала алмайды.
Егер сіз бұрын қарыз алсаңыз және оны өтемеген болсаңыз, енді жаңа несиеге қол жеткізе алмайсыз. Бұл шара банктер мен қаржы ұйымдарының қарыз алушыларды мұқият тексеруіне және олардың төлем қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді, – деді Олжай.
Жаңа қарыз алу ережелері:
Қарыз алушыны тексеру: Борыштары өтелмеген адам жаңа кредит ала алмайды. Банктер қарыз алушының төлем қабілеттілігін мұқият бағалауға міндетті.
Қарыз жүктемесінің коэффициенті:
2021 жылдан бастап мемлекет барлық жаңа несиелер үшін қарыз жүктемесінің коэффициентін енгізді.
Егер адамның кірісі оның ағымдағы қарыздарымен сәйкес келмесе және коэффициент белгіленген деңгейден асып кетсе, жаңа несие берілмейді.
Бұл шара табысы төмен азаматтардың шектен тыс қарызға батуының алдын алады және оларды қаржылық қауіптен қорғайды. Сарапшының айтуынша, бұл механизм халықты қаржылық тұрғыдан қорғаудың маңызды қадамы.
Пікірлер