Келесі айда өңір бойынша 30 градус аяз болады деп күтіледі. Дегенмен орташа айлық температура нормадан 1 градус жоғары болмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше, бірінші онкүндікте түнгі температура -5-10°C-тан -23-28°C-қа дейін, күндізгі температура 0,5°C-тан -13-18°C-қа дейін болады.
Екінші онкүндікте түнгі температура -23-28°C-тан -10-15°C-қа дейін, күндізгі температура -13-18°C-тан -2-7°C-қа дейін ауытқиды.
Үшінші онкүндікте түнгі температура -10-15°C-тан -25-30°C-қа дейін, күндізгі температура -2-7°C-тан -15-20°C-қа дейін болады.
Желтоқсанда қар жауып, боран мен екпінді жел соғады деп болжануда. Бірінші және үшінші онкүндіктерде қалың қар күтіледі.
Пікірлер