A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 17:55 0

Өскемендегі Аблакетка шағын ауданында екі автобус соқтығысты

Бүгін / Өскемен

Бүгін Аблакетка шағын ауданында бірнеше жыл бойы тұрғындарды тасымалдап келген «Бахытжол» және кеше жолға шыққан «RTT Group» компанияларының қоғамдық көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті ақпаратынша, жол апаты Островский көшесінде болды. 
- «Yutong» автобусының жүргізушісі маневр жасап, қауіпсіз аралықты сақтамай, сол бағытта келе жатқан тағы бір «Yutong» автобусымен соқтығысты. Екінші автобустағы жолаушы медициналық көмекке жүгінді, - делінген ресми мәліметте. 
Жол-көлік оқиғасының себебі RTT Group жүргізушісінің кінәсінен екені белгілі болды. Оқиғаның мән-жайын анықтап, процедуралық шешім қабылдау үшін тиісті тергеу тағайындалды. 
Ал қалалық ТҮКШ бөлімі ақпаратынша, «Бахытжол» компаниясымен келісімшарт алдын ала жазбаша ескерту беріле отырып, 16 қарашада біржақты түрде бұзылды. 
- Бұл мүмкіндік келісімшарттың өзінде де, сот шешімінде де қарастырылған. Тұрғындар компания жұмысына көңілі толмағандықтан және автобусты сағаттап күтуге мәжбүр болғандықтан, тасымалдаушыны сотқа берді. Сот компанияға автобустардың шығу жиілігін 85% ұстап тұруды міндеттеді, бірақ іс жүзінде бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен. Көптеген шағымнан кейін келісімшарт бұзылды. Біз көмек сұрап, полицияға хабарласып жатырмыз, бірақ әзірге ешқандай жауап жоқ, - деді бөлім өкілдері.
Айта кетейік, «Бахытжол» автобустарынан электрондық төлем валидаторлары алынып тасталды. Ал компания иесі сотқа жүгінбей, келісімшартты біржақты бұзу мүмкін еместігін алға тартады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив