A+ A A-

talgatzhan 33 Кеше, 18:30 0

Өскеменде бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін / ШҚО

Шаһардағы «Жекпе-жек сарайында» 2008–2009 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан ел чемпионаты басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ауқымды дода ШҚО әуесқой бокс федерациясы және ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Чемпионатқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің барлық өңірінен келген спортшылар қатысуда. Жалпы саны 400-ге жуық жас боксшы рингке шығып, өзара кім мықтыны анықтауда.

Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Бүгін айтулы күн. Қаламызда 2008–2009 жылғы жастар арасындағы республикалық чемпионат өтіп жатыр. Бұл ел спортындағы маңызды оқиғалардың бірі, – деді өңір басшысы.

Бүгінде аймақта 1200-ге жуық жас спортшы бокспен тұрақты айналысады. Сонымен қатар өткен сәуір айында Иорданияда өткен 15–17 жастағы жасөспірімдер арасындағы халықаралық жарыста екі шығыстық спортшы жүлдегер атанғанын айта кету керек.

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов та жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

– Шығыстың төрінде үлкен чемпионат өтіп жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықтылар күш сынасады. Мұнда Азия чемпиондары мен әлем чемпиондары да рингке шығады. Осы байрақты бәсекеде көзге түскен спортшыларды аға бапкерлер іріктеп, келесі жылғы әлемдік жарыстарға дайындайды, – деді ол.

Айта кетейік, шара барысында ардагер спортшылар да арнайы шақырылып, жарысты тамашалады. Облыс әкімі оларды марапаттап, медальдар табыстады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив