A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 09:30 0

ШҚО-да «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы басталды

Бүгін / ШҚО

17-25 қараша аралығында облыс аумағында қауіпсіздік деңгейін арттыруға және тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Полиция қызметкерлері азаматтардың тұрмыс жағдайларын нақтылап, қажетті қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударады. Профилактикалық есепте тұрған азаматтармен мекенжайлық жұмыстар жүргізеді. Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. 
Уақтылы әрекет ету мақсатында ШҚО Полиция департаменті қала тұрғындарын құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасауға, құқық бұзушылық фактілері туралы жедел хабарлауға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив