“Өскемен-1 – Алтай” бағытындағы №641/642 қала маңындағы жолаушылар пойызы 1 қарашадан бастап қысқы кесте бойынша жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен-1 станциясы вокзалының бастығы Елена Ларионованың айтуынша, пойыз Өскеменнен сәрсенбі, жұма және сенбі күндері сағат 23:10-да жөнелтіледі. Қайтар жолға бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері сағат 15:00-де шығады.
Ал “Өскемен – Астана”, “Өскемен – Алматы”, “Өскемен – Риддер” (қала маңындағы пойыз) және Риддер – Локоть (ресейлік бағыт) бағыттары бойынша жүретін жолаушылар пойыздары 15 желтоқсаннан бастап қысқы кестеге ауысады.
Пікірлер