A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 10:30 0

ШҚО-да студент қыз әкесінен алимент өндіріп алды

Бүгін / ШҚО

Бойжеткен Алтай аудандық сотына әкесінен оқу кезінде 30 АЕК көлемінде алимент өндіріп алу туралы талап арыз берді. Айтуынша, қазір ол университетте оқиды және қаржылық көмекке мұқтаж, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық сот ақпаратынша, ер адам талап арызды қабылдамай, сұралған алимент сомасын шамадан тыс деп санады. 
- Ол төрт баланы асырайтынын және алимент бойынша қарыз оның жалақысынан ұсталып қалғанын түсіндірді. Дегенмен жауапкердің талапкерге өз еркімен қаржылық көмек көрсететініне ешқандай дәлел жоқ, - делінген мәліметте. 
Сот ер адамның қаржылық жағдайын ескеріп, алимент сомасын ай сайын 10 АЕК деп белгіледі. Төлемдер қыз 21 жасқа толғанша жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив