A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:40 0

Өскеменде ауаға тараған екі зиянды заттың мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткені анықталды

Бүгін / Өскемен

Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайдың екінші деңгейі әлі сақталып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

16 қараша күні кешкісін басталған қолайсыз метеорологиялық жағдай салдарынан зиянды заттар көшелерде шоғырланып, қала ішін түтін басқан. Бүгін де Өскеменде желсіз күн болды. 

«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының мәліметіне сүйенсек, екінші деңгейлі қолайсыз метеорологиялық жағдай 18 қарашаның кешіне дейін созылады деп күтіліп отыр. 

- Бүгін ауаның ластану көрсеткіштеріне мониторинг жүргізілді. Соның нәтижесінде, ауаға тараған екі зиянды заттың мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткені анықталды. Нақты айтқанда, күкіртті сутегі рұқсат етілген деңгейден 2,6 есе, ал күкірт диоксиді 1,373 есе асқан, - делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив