Бұл туралы «Өскемен әуежайы» АҚ өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Air Astana» әуе компаниясының ақпаратынша, 2026 жылдың 12 қаңтарынан 13 наурызына дейін пайдалану себептеріне байланысты Астана-Өскемен-Астана бағытындағы KC345/KC346 рейстері дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері тоқтатылады.
Қосымша ақпарат алу үшін «Air Astana» байланыс орталығына немесе билет сатып алу орнына хабарласуға болады.
Пікірлер