A+ A A-

talgatzhan 25 15-10-2024, 10:39 0

ШҚО-да 14 млн теңгеден астам сомадағы вейптердің заңсыз айналымы тоқтатылды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы мен ШҚО Экономикалық тергеулер департаменті бірлесіп жүзеге асыратын «Адал бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлерге шылымсыз темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен олардың сұйықтықтарын сату және таратуға қатысты заңнамалық өзгерістер түсіндірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 


ҚР Қылмыстық кодексіне вейптер мен электрондық жүйелердің айналымына қатысты жаңа бап енгізілді. Бұл бап бойынша вейптерді сату мен таратқаны үшін 200 АЕК-ке дейінгі айыппұл немесе қоғамдық жұмыстар қарастырылған. Вейптерді әкелу және өндіру кезінде – 2 000 АЕК-ке дейін, ал қылмыстық топ құрған және қайталап бұзған жағдайда – 5 000 АЕК-ке дейін айыппұл салу көзделген.

Шығыс Қазақстан облысында вейптердің заңсыз айналымының бір фактісі анықталып, темекі өнімдеріне арналған есептік белгісі жоқ 6 мыңнан астам тауар тәркіленді. Тәркіленген өнімдердің жалпы сомасы 14 млн теңгеден асты. Кінәлілерге 4 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив