A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:10 0

Түркістан облысында тұрғын үйде болған өрттен 12 адам мерт болды

Бүгін / Республика

Бүгін таңертең Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенге дейін тұрғын үй толықтай өртке оранған.
Өртті барлау және сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды.
Көршілердің айтуынша, алдыңғы күні үй иелері іс-шара өткізген, үйде қонақтар болған. Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді.
Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себептері белгісіз. Тергеу басталды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.
Президенттің тапсырмасы бойынша Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылғаны анықталды.
Өрт фактісі бойынша «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалды.
- Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесімен процестік шешім қабылданатын болады, — делінген Түркістан облысының Полиция департаменті таратқан ресми ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив