A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 11:15 0

Өскемендегі кәріз құбырындағы апат жұмаға дейін жойылады

Бүгін / Өскемен

Қала әкімі Алмат Ақышов диаметрі 700 мм болатын кәріз құбыры істен шыққан Славский жағалауы, 22 мекенжайында жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір «Өскемен Водоканал» кәсіпорнының апаттық бригадасы оқиға орнында жұмыс істеп, төтенше жағдайды шектеу және жою үшін қажетті шараларды жүргізуде. 
Кәріз құбыры 1982 жылдан бері жұмыс істеп келеді, сондықтан жөндеу жұмыстары қазба және техникалық шараларды қажет етеді. Аталған құбыр бұрын жөнделмеген. 43 жыл ішінде алғаш рет темірбетон арматурасының ыдырауына байланысты істен шықты. 
Тиісті жұмыстар 21 қарашаға дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив