A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 12:00 0

Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша нешінші орында

Бүгін / Республика

Speedtest Global Index 2025 жылдың екінші жартыжылдығында ең жылдам интернеті бар елдердің рейтингін жариялады. Мобильді интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан 45-орынға жайғасқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Бұл өткен рейтингпен салыстырғанда 1 орынға жоғары. Салыстырмалы түрде Қазақстан Канада (46-орын), Италия (50), Испания (52), Германия (56), Ұлыбритания (57), Жапония (64) сынды дамыған мемлекеттерді артқа тастаған.
Ал қалалар тізімінде Астана мен Алматы қатар тұр. Мобильді интернет жылдамдығы бойынша Астана бес позицияға төмендеп, 62-орынға түссе, Алматы екі сатыға шегініп, 63-орынды иеленген. Астанадағы орташа жүктеу жылдамдығы — секундына 132,13 мегабит, ал Алматыда — 130,72 мегабит.
Фиксацияланған кеңжолақты интернет жылдамдығы рейтингінде жағдай нашарлау. Қазақстан әлемдік рейтингте 89-шы орында тұр. Десек те, бұл оған дейінгі нәтижеден 1 сатыға жоғары. Мұнда екінші жарты жылдықтағы орташа жылдамдық 82,47 мегабит/с болған.
Ал мобильді интернет жылдамдығы бойынша үздік мемлекеттер төмендегідей:
1. Біріккен Араб Әмірліктері — 652,87 Мбит/с;
2. Қатар — 515,23 Мбит/с;
3. Кувейт — 384,40 Мбит/с.
4. Бразилия — 251,55 Мбит/с.
5. Болгария — 237,03 Мбит/с.
Айта кетейік, биыл алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мобильді интернет сапасы рейтингінде Қазақстан 47-орынды иеленген. Бұл өткен жылдың нәтижесімен салыстырғанда 10 сатыға жоғары.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив