A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:45 0

ШҚО-да 14 жасқа дейінгі 27 мыңнан астам бала ЖРВИ жұқтырды

Бүгін / ШҚО

Ресми мәліметке сүйенсек, 1 қазан мен 17 қараша аралығында облыста жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 45 937 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

14 жасқа дейінгі балалар арасында 27 193 факті анықталып, жалпы аурушандықтың 59,2%-ын құрады. 1 жасқа дейінгі 728 бүлдіршін, 126 жүкті әйел 126 ЖРВИ жұқтырды. 
– Тұрғындардың ЖРВИ-мен сырқаттануф өткен жылмен салыстырғанда тұрақты. Көпжылдық статистикалық бақылау деңгейінен аспағандықтан, шектеу шаралары енгізілген жоқ, – делінген ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратында. 
Бұдан бөлек, Өскеменде тұмаудың зертханалық расталған 5 жағдайы тіркелді, барлығында A/H3N2 типі анықталды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балаларда – 4 жағдай. Бір жасқа дейінгі балаларда, жүкті әйелдерде және екпе алғандар арасында тұмау анықталмады.
– ДДҰ болжамына сәйкес 2025–2026 жылғы маусымда A/H3N2 вирусының белсенді айналымы күтілген еді. Биылғы вирусологиялық зерттеулер бұл болжамды толық растады. «Гонконг тұмауы» деп аталғанымен, бұл жыл сайын айналымда жүретін қауіпсіз маусымдық вирус. Оның алдын алу шаралары: тұмауға қарсы екпе алу, қол гигиенасын сақтау, антисептик қолдану, маска тағу, үй-жайларды желдету және ылғалды тазалау, – делінген ресми мәліметте. 
Респираторлық вирустарға жүргізілген 368 зерттеудің 93-інде оң нәтижелер анықталды: риновирус – 63, бокавирус – 1, аденовирус – 29. Ал коронавирустық инфекцияның 2 жағдайы тіркелді.
Тұмауға қарсы екпенің тиімділігін ескере отырып, биыл жергілікті бюджет есебінен 76 721 360 теңгеге «Гриппол плюс» вакцинасының 75 000 дозасы сатып алынды. Қосымша 2 000 доза жұмыс берушілер мен ақылы егуге сатып алынды. Екпе тәуекел топтарына (жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, диспансерлік есептегі балалар, интернаттар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері, қарттар үйінің контингенті, созылмалы аурулары бар және 60 жастан жоғары тұрғындар) қолжетімді.
Қазір облыс бойынша 74 530 адам тұмауға қарсы екпе алды: тәуекел топтары – 72 519 адам (96,7%), жұмыс беруші есебінен – 1 831, ақылы түрде – 180 адам.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив