A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:00 0

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2300-ден астам қару тәркіленді

Бүгін / Республика

Тәркіленген қарудың ішінде 91-і Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков 59 жасырын қару қоймасы анықталып, жойылғанын айтты.
— Жыл басынан бері заңсыз қару айналымына 2 300 астам қару тәркіленді, оның ішінде 91-і Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Биылғы жылдың қазан айындағы тексерулер мен жедел іздестіру іс-шаралары барысында 400-ден астам қару және 3 200-ден астам оқ-дәрі, гранаталар мен тротил шашкалары тәркіленді. 59 жасырын қару қоймасы анықталып, жойылды. Атап айтқанда, 17 криминалдық қару тәркіленді, оның ішінде 8-і — Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Ал қалғандары — бұрын айналымнан жоғалған және кейін заңсыз айналымға түскен қарулар, — деді Жандос Батырбеков.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив