A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:40 0

ШҚО-да 3000-нан астам оқушы онлайн оқиды

Бүгін / ШҚО

Облыстық Білім басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратынша, маусымдық жұқпалы аурулардың көбеюіне байланысты өңірдегі 23 мектептің 169 сыныбындағы 3015 оқушы қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның 1697-сі - бастауыш сынып оқушылары. Қашықтан оқыту Өскемендегі 18, Күршім ауданындағы 3, Ұлан ауданындағы 2 мектепте ұйымдастырылды. 
- Онлайн форматқа уақытша көшу сыныптағы оқушылардың 30%-дан астамы медициналық анықтамамен дәлелденіп, сабаққа қатыспаған жағдайларда жүзеге асырылады. Білім беру толық көлемде, қашықтан оқыту талаптарына сәйкес жалғасуда, - делінген ресми мәліметте.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив