Үлкен Нарын ауданында құтқару қызметінің мамандары оқушыларға өрт қауіпсіздігі бойынша тәжірибелік сабақ өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сабақ барысында тұрмыста туындауы мүмкін өрттің модельдік жағдайы көрсетіліп, оның шығу себептері түсіндірілді. Мамандар алғашқы өрт сөндіру құралдарын қалай дұрыс пайдалану керектігін іс жүзінде көрсетіп, әр құралдың ерекшелігіне тоқталды.
Оқушыларға 101 немесе 112 нөміріне жедел қоңырау шалу тәртібі, операторға қандай мәліметтерді нақты айту қажеттігі және өрт сөндірушілер келгенге дейінгі қауіпсіздік әрекеттері айтылды.
Мұндай сабақтар балалардың тілсіз жаудан келер қауіпті терең түсініп, төтенше жағдайда дұрыс шешім қабылдай білуіне көмектеседі.
Пікірлер