Алтай ауданының тұрғыны мас күйінде көлік жүргізіп, заң бұзған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полиция қызметкерлері ереже бұзушыны Алтай қаласының Бурнашов көшесінде тоқтатты. Кейінірек жүргізілген медициналық тексеру ер адамның орташа дәрежеде мас болғанын анықтады. Сот ер адамды 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы шешім шығарды. Қаулы әлі күшіне енген жоқ.
Пікірлер