A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:00 0

Кепілсіз тұтынушылық кредиттер 9 айда екі еседен астамға азайды

Бүгін / Республика

Биыл 9 айда кепілді тұтынушылық кредиттер, оның ішінде автокредиттер 4,8 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісіKAZINFORMсайтына сілтеме жасап.

- Биыл 9 айда экономикаға берілген кредиттер 14,6 пайызға ұлғайып, 38,7 трлн теңгені құрады. Бизнеске берілген кредиттер 12,1 пайызға өсіп, 14,7 трлн теңгеге жетті. Кепілсіз тұтынушылық кредиттер биыл 9 айда 12,7 пайызға дейін өсті. Өсу қарқыны өткен жылы 29,3 пайызға өсумен салыстырғанда екі еседен астам азайды, - деді Мәдина Әбілқасымова.
Оның дерегінше, кепілді тұтынушылық кредиттер, оның ішінде автокредиттер биыл 9 айда 32,2 пайызға өсіп, 4,8 трлн теңгені құрады.
- Ипотекалық кредиттер жыл басынан бері 10,4 пайызға өсті. Корпоративтік кредиттеу құрылымында шағын және орта бизнес кредиттері 44 пайыз, ірі бизнеске кредиттер 36 пайызды және дара кәсіпкерлерге кредиттер 20 пайызды құрайды, - деді агенттік төрағасы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив