«Самал Тау» ЖШС жылына 50 тонна өнім өндіретін балық өсіру кешенінің құрылысын бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оны 2025–2026 жылдары аяқтау жоспарлануда. Жоба бойынша балық өсіруге арналған екі ангар, жем сақтау қоймасы және бес мамандандырылған тоған салу көзделген.
Өндірістік бөлім диаметрі 6 метр және биіктігі 1,1 метр болатын жиырма дөңгелек бассейнмен, 15х1,1 метр және 12х1,1 метр болатын екі капсула пішінді бассейнмен жабдықталады.
Қосымша бес тоған салу жоспарлануда. Оның үшеуі 15х15 метр, екеуі 20х15 метр болады.
Құрылыстың негізгі мақсаты - аймақта аквамәдениетті дамыту және отандық балық көлемін арттыру.
Пікірлер