Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
- Биылғы эпедимиологиялық маусым басталғалы бері елімізде ЖРВИ-дің 1,5 млн жағдайы тікрелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға төмен. 14 жасқа дейінгі балалар арасында шамамен 1 млн-дай жағдай тіркелді. Эпедиомологиялық маусым басталғалы бері тұмаудың зертханалық расталған 590- жағдайы байқалды, - деді ол.
Соңғы уақытта әлеуметтік желіде «Гонконгтық вирус» деген атаумен жаңа тұмау түрінің пайда болғаны туралы ақпарат тарап жүр. Осы тұрғыда вице-министр оның бұрыннан бар екені, жалған ақпарат тарап жатқаны туралы айтты.
- Бұл жаңа вирус емес. Ол 1968 жылдан бастап әлемде де, Қазақстан аумағында да бірнеше жылдар бойы анықталып келеді, - деді ол.
Бүгінгі таңда тұмауға қарсы 2,1 миллион адам екпе салдырған. Республика бойынша тұмаумен 66%- балалар , 34% - ересектер ауырған.
Бір аптада мектеп оқушылары арасында 6 мыңға жуық ЖРВИ, 13 тұмаумен ауыру жағдайы тіркелген. Қазіргі таңда науқастар үшін емханаларда 1800 фильтр кабинеттері жұмыс жасап тұр. Шұғыл медициналық көмекті 1600 жедел жәрдем көрсеткен.
Пікірлер