Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстың бас инфекционисті Назигүл Сапарғалиева мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 27 193 жағдай анықталған.
- 1 жасқа дейінгі 728 бала, 126 жүкті әйел ЖРВИ жұқтырды. Облыс тұрғындарының сырқаттанушылығы 2024–2025 маусымының сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрақты. Көпжылдық статистикалық бақылау деңгейінен аспағандықтан, шектеу шаралары енгізілген жоқ, - деді Назигүл Сапарғалиева.
Бұдан бөлек, аймақта 74 530 адам тұмауға қарсы екпе алды.
- Облыс бойынша жоғары өсім Өскемен қаласында байқалады. Дәрі-дәрмек тапшылығы бойынша ешқандай мәселе жоқ. Ыстық түсіретін, вирусқа қарсы препараттар саны жеткілікті, - деді өңірдің бас инфекционисті.
Пікірлер