A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 10:00 0

Қазақстандық зейнеткерлердің орташа табысы қанша

Бүгін / Республика

1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 744 теңгені құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

- Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 трлн 512,7 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Зейнеткерлер саны 2 млн 516 мың адамға жетіп отыр, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетері, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив