«Учаске» жедел алдын алу шарасы аясында полиция және төтенше жағдайлар қызметі, Ұлттық ұлан әскері Соградағы Титан бағбандық қауымдастығын тексерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Тұрғындарға жеке және өрт қауіпсіздігі шаралары, жол қозғалысы ережелері туралы айтылды. Сондай-ақ онлайн алаяқтықтың ең көп таралған схемалары жайлы мәлімет берілді. Бұл алдын алу жұмысы азаматтардың осал топтарын қорғауға және қылмыстың алдын алуға бағытталған, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментіндегілер.
Пікірлер