Өңірде «Учаске» жедел алдын алу шарасы жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тәртіп сақшылары үйлерді аралап, пәтерлерді тексеріп, тұрғындар туралы ақпаратты нақтылап, жеке және қоғамдық қауіпсіздік шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Азаматтарды интернет алаяқтықтың жаңа схемалары туралы ескертеді.
- Бұдан бөлек, басқа мемлекеттерден келетін тұлғаларға бақылау күшейтілді. Полиция қызметкерлері олардың заңды түрде келуі мен миграциялық талаптардың сақталуын тексеруде. Өскеменде жүргізілген рейд барысында қос азаматтық фактісі анықталды. Белгілі болғандай, азамат 8 жыл бұрын басқа мемлекеттің азаматтығын алған, бірақ Қазақстан Республикасының құжаттарын пайдаланып келген. Сот шешімімен құқық бұзушы елден шығарылып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды, - делінген ресми ақпаратта.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 50-ден астам қос азаматтық фактісі анықталды.
- ҚР Заңнамасы бойынша қос азаматтыққа жол берілмейді. Дегенмен кейбір азаматтар зейнетақы мен басқа әлеуметтік төлемдерді сақтап қалу мақсатында шетелдік төлқұжат алу фактісін жасырып қалады. Мұндай әрекеттер заңға қайшы болып, ауыр құқықтық жауапкершілікке әкеп соғады, — деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының орынбасары Р. Айдарбеков.
Пікірлер