A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:15 0

ШҚО экономикасы, өндірісі мен жалақы көлемі қандай

Бүгін / ШҚО

2025 жылы Шығыс Қазақстан облысының экономикасы тұрақты оң динамиканы көрсетіп отыр. Бұл туралы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Астанада өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінде айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

- Жаңа сын-қатерлерге қарамастан, біз халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында нақты жұмыстар атқарып келеміз. Өнеркәсіп өндірісі — 129%, инвестициялар — 117%, құрылыс — 116%, ауыл шаруашылығы — 115%-ға өсті, - деді облыс әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сонымен бірге, жеке кірістер — 113%-ға ұлғайып, 195 млрд теңгеге жетті. 23 мың жұмыс орны құрылса, оның 17 мыңы — тұрақты жұмыс орындары.
Өңірдегі жұмыссыздық көрсеткіші орташа республикалық деңгеймен бірдей (4,6%). Орташа айлық жалақы — 9,5%-ке өскен (403 мың теңге).
- Жыл соңына дейін облыстың жалпы өңірлік өнімі 102%-ке артып, 5,5 трлн теңгеге жетеді деп күтіліп отыр. Бұл — шығысқазақстандықтардың күнделікті, адал еңбегінің жемісі, - дейді Нұрымбет Сақтағанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив