A+ A A-

talgatzhan 28 Бүгін, 12:35 0

Өскеменде «Бақыт жол» ЖШС автобустары айыптұраққа қойылды

Бүгін / Өскемен

Аблакетка шағын ауданындағы жолаушылар тасымалы мәселесі бірнеше күн бойы жалғасып, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

17 қараша күні болған жол апатынан кейін же «Бақыт жол» ЖШС қоғамдық көліктері рұқсатсыз және ONAY! жүйесінсіз жолға шыққан. 
– Ақтөбеден келген «RTT GROUP» ЖШС тасымалдау компаниясының төрт жүргізушісі өз қауіпсіздігі үшін кетіп қалды. «Бақыт жол» басшысы қала әкімі қабылдаған шешімді қабылдамай, жолаушылардың өмірін қатерге тігіп отыр. Біз құзырлы органдардан тәртіп орнатуды сұраған едік. 19 қараша күні олар бұл мәселені қолға алды. Шағын аудан тұрғындары бұған өте риза, – деді Аблакетка ауданындағы бастамашыл тобының мүшесі Вера Томская.
Кеше кешке «Бақыт жол» автопаркі орналасқан аумаққа полиция қызметкерлері келді.
– Сіздер заңды бұзып, жұмыс істеп жатырсыздар. Біз қала әкімдігінен тиісті хабарлама алдық, соның негізінде өз міндетімізді орындаймыз. Автобустар арнайы айыптұраққа уақытша сақтауға жеткізілуі тиіс. Сіздерге жолға шығуға тыйым салынады. Егер заңды талабымыз орындалмаса, жүргізушілерге әкімшілік қамау қолдануға құқылымыз. Барлық хаттаманы береміз, сотқа жеке шағым түсіре аласыздар. Егер жеңсеңіздер, сот бұл дауға нүкте қояды. Жолға қайта шығуға кедергі келтірмейміз, – деді қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Талғат Қамзин.
Алайда «Бақыт жол» ЖШС берілуге ниетті емес.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив