A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:40 0

Шығыс майы Қытайға, балы Еуропаға экспортталады

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысынан 50 млн АҚШ долларына май өнімдері Қытайға жеткізіледі. Бұл туралы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

- Біз ірі қытайлық сауда компанияларымен, жалпы құны 50 млн АҚШ долларына май өнімдерін жеткізуге келісімшарт жасастық, - деді әкім.
Сол сияқты мал шаруашылығы өнімін Қытай нарығына шығару үшін, биыл ШҚО-да зерттеу нәтижелері әлемнің 112 елінде танылған арнайы сертификаттау зертханасы құрылды.
- Біздің жерлестер Еурокомиссия тізіміне енген алғашқы қазақстандық кәсіпорын ретінде Еуропаның 27 еліне Шығыстың балын жеткізу мүмкіндігіне ие болды, - деді Нұрымбет Сақтағанов.
Облыс әкімі балық шаруашылығында да өңір көш бастап тұрғанын жеткізді.
- Биыл 2,5 мың тонна тауарлы балық өндіріледі. Балық өсіру ісі де 2,5 есеге ұлғайды. Сібір бекіресін қалпына келтіру үшін Қара Ертіске 61 мыңнан астам балық шабақтары жіберілді, - деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив