Бұл туралы ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қаджибекова мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінде Шығыс Қазақстан өсімдік майын өндіруден республика бойынша көшбасшы саналады. Жыл басынан бері облыста азық-түлік өнімдерін өндіру көлемінің артуы байқалады. Мәселен, өсімдік майлары - 17,7%, ұн - 20,2%, сары май - 14,7%, балық - 33,5%-дан астам, кондитерлік өнімдер – 12,7%, шұжық өнімдері - 1,2%, жартылай фабрикат өнімдерін шығару көлемі 81%-ға артты.
- Май өнеркәсібі бойынша жалпы қуаты 959 мың тоннаға жуық 13 кәсіпорын жұмыс істейді. Биыл Өскеменде қуаттылығы жылына 169 мың тоннаға дейін жететін тағы бір майэкстракциялық зауыт іске қосылды, - деді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.
Айта кетейік, май өнеркәсібі қарқынды дамып, өңір экономикасының алға жылжуына оң ықпал етіп отыр. Өндіріс көлемінің артуы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, Шығыс Қазақстанның аграрлық саладағы көшбасшылық позициясын күшейте түсуде.
Пікірлер