A+ A A-

talgatzhan 21 Бүгін, 17:10 0

Өскеменде проза жанашырлары әдеби үрдісті дамыту тақырыбын талқылады

Бүгін / ШҚО

Қараша айының 20-сы күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында «Әдебиет және креативті индустрия: креативті индустрия аясында әдебиеттің дамуы мәселесі» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шара қазіргі мәдени кеңістіктегі әдебиеттің жаңа даму бағыттарын, шығармашылықтың экономикалық әлеуетін және әдебиетті креативті индустрия секторы ретінде қарастыру мәселелерін талқылауға арналды.
Шараға Өскемен қаласы әкімдігінің «Креативті индустрияны дамыту орталығы» КММ басшысы Нұржан Жомартқан және орынбасары Азамат Сейтқанұлы,  филолог Еділбаева Гүлжан Бақытбекқызы, жазушы Кәрібек Шопатов, айтыскер-ақын Қуаныш Еркін, жазушы Қашқынбаев Талғат Саккоұлы, Күлмай Сембайқызы және басқа да мамандар қатысты.
Бас спикерлер қазіргі әдебиеттің креативті индустриямен байланысын, оның ішінде: цифрлық әдебиеттің дамуы, авторлық контент арқылы табыс табу мүмкіндігі, кітаптың брендке айналу үрдісі, жастар әдебиетін қолдау шаралары, кітапхана — креативті платформа ретіндегі рөлі сияқты мәселелерді талқылады.

Дөңгелек үстел барысында ақын, аудармашы, ҚР Мәдениет пен ақпарат саласының үздігі Саят Қамшыгер, сондай-ақ Айбек Оралхан тақырып бойынша бейнежолдау жолдап, бүгінгі әдеби үрдістің жаңа формаларын дамытуға қатысты пікірлерімен бөлісті.

Қатысушылар талқылау қорытындысында келесі ұсыныстарды алға тартты: әдебиетті креативті индустриямен ұштастыру, жас қаламгерлерге арналған цифрлық алаңдар ашу, әдеби подкасттар, фестивальдер және мультимедиялық жобалар ұйымдастыру;

Іс-шара қатысушыларға шығармашылық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындап, әдебиеттің қоғамдағы рөлін кеңейтудің мүмкіндіктерін көрсетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив