A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:15 0

ШҚО-да жыл соңына дейін 56 ауылға интернет тартылады

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

 

- Өңірде тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда облыс тұрғындарының 97%-ы интернетке қосылған. Биыл тағы 56 ауыл интернетпен қамтылады, ал қалған халқы аз 66 елді мекен 2027 жылға дейін республикалық «Жол картасы» бойынша интернетпен қамтамасыз етіледі, - деді облыс басшысы. 
Сонымен қатар республикалық маңызы бар жолдар бойында заманауи цифрлық инфрақұрылым құру жұмыстары қолға алынған. Келесі жылы 22 антенна-діңгекті құрылым салу жоспарланған. Бұл өңірде байланыспен қамту сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив