A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:45 0

ШҚО-да биыл 2,5 мың тонна тауарлы балық өндіру жоспарланып отыр

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласы тұрақты түрде дамып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп келеді. Биыл бидай дақылдарының өнімділігі 101,5%-ға, майлы дақылдардың өнімділігі 107%-ға артты. Экспорттағы өңделген өнімнің үлесі 66%-дан 71%-ға жетті, - деді облыс әкімі.
Егін шаруашылығында жаңа технологиялар енгізіліп жатыр: егістік жерлердің 40%-ы сандық жүйелер арқылы өңделеді, бұл гектарынан 30 центнерге дейін өнім алуға мүмкіндік береді. 
Өңір ауыл шаруашылығы саласында Қытай, Ресей және Өзбекстанмен ынтымақтастықты қарқынды дамытып келеді. Ірі қытайлық сауда компанияларымен, жалпы құны – 
50 млн АҚШ долларына май өнімдерін жеткізуге келісімшарт жасалған.
Мал шаруашылығы өнімін Қытай нарығына шығару үшін биыл зерттеу нәтижелері әлемнің 112 елінде танылған арнайы сертификаттау зертханасы құрылды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив