Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалар саны азайып келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов айтты , деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
- Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ел кәсіпорындарында 1 029 жұмыскер зардап шекті. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға аз. Оның ішінде, 145 адам қаза тапты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға төмен, - деді спикер.
Оның айтуынша, кейбір өңірлерде жарақаттанудың жоғары деңгейі сақталса, басқаларында, керісінше, төмендеп келеді. Атап айтқанда, Абай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Астана қаласында жарақаттану деңгейі 50%-ға азайды.
Жұмыскерлерді қорғау үшін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу практикасы қолданылады. Бүгінгі таңда 175 мың белсенді заңды тұлғаның 113 мыңы осындай шарттар жасасты, - дейді Мейрамбек Ахметов.
Пікірлер