Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірде денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында жыл соңына дейін 36 медициналық нысан салынады.
- Бүгінде Ұлан ауданына 150 адамды қабылдай алатын заманауи емхана ашылған, ал Риддер қаласында аурухана кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Өскеменде Ана мен бала орталығы мен Гематология орталығын біріктіретін заманауи медициналық кластер құрылуда. Кейін кластерге 300 орындық көпсалалы аурухана қосылады, бұл медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін едәуір арттырады, - деді облыс басшысы Нұрымбет Сақтағанов.
Мемлекеттік-жекешелік серіктестік арқылы Нефрологиялық орталық құру жоспарланған. Сондай-ақ дәрігерлердің біліктілігі арттырылып келеді. Осы жылы 118 маман оқудан өткен, олардың 72-сі Түркия, Израиль, Германия, Қытай және басқа да елдердің жетекші медициналық орталықтарында білім алған.
Пікірлер