Чемпионатта облыс құрамасы үш медаль иеленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Дәстүрге айналған бұл жарыс биыл да елдің түкпір-түкпірінен келген жас спортшыларды жинап, үш күн бойы көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Шығыс Қазақстан облысы құрамасы чемпионатты табысты аяқтады. Команда қоржынында — үш медаль:
Алтын — Жахонгир Әбілқасымов,
Күміс — Мария Сосновская,
Қола — спорт шеберлігіне кандидат бағдарламасында өнер көрсеткен Семен Резник.
Ерлер арасындағы бәсеке тартысты өтті. Қысқа бағдарламадан кейін Семен Резник екінші орында тұрса, Қарағанды спортшысы Тимур Әділханов көш бастап, үшінші орынға Темірлан Якияев жайғасты.
Еркін бағдарламада Темірлан Якияев 140,01 ұпай жинап, бірінші орынға көтерілді. Ал Семен Резник 130,93 ұпаймен қола медальға қол жеткізді.
Жарыс қорытындысында өңір спортшылары әр санат бойынша бір-бір медальдан алды. Тек Астана құрамасы ғана жоғары нәтиже көрсетіп, барлығы 6 медаль (1 алтын, 2 күміс, 3 қола) жеңіп алды. Жалпы 11 команданың 7-еуі жүлделі орындарға ие болды.
Чемпионат аяқталғаннан кейін Спорт сарайының үлкен мұз айдынында жастарға арналған дәстүрлі мұзды дискотека өтті.
Пікірлер