Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері қаланың әртүрлі ауданында өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жәрмеңкелер 22 қарашада сағат 8:00-ден 15:00-ге дейін келесі мекенжайларда өтеді:
«Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы алаңында (Жібек жолы даңғылы, 44) Марқакөл ауданының өнімдері ұсынылады;
«ДосНар» сауда орталығы, Виноградов көшесі, 17а;
«Керуен» сауда орталығы, Өтепов көшесі, 3 (Жібек маталар комбинаты)
«Теміржолшылар саябағы», Тынышпаев көшесі, 122 (Защита)
«Валентина» сауда орталығы, Шаяхметов көшесі, 13 (Жаңа Согра)
Марқакөл ауданының кәсіпкерлері «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы алаңына жаңа піскен балық пен балықтан жасалған дәмді тағамдарды әкеледі.
Пікірлер