Демалыс күндері облыста қар жауып, арты көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Атлантикалық циклон әсерінен республиканың көп бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады. Синоптиктер ақпаратынша, елдің шығысында қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Қазақстан бойынша тұман мен қатты жел күтілуде. Температура айтарлықтай өзгермейді.
- 22 және 24 қарашада шығыста қатты жауын-шашын болады. Кей жерлерде қар жауады. Күндіз температура 0-ден +2 градус аралығында құбылады, - деп хабарлады Қазгидромет өкілдері.
Өскеменде де қар аралас жаңыр жауады деп күтілуде. Күндізгі температура -1-ден -2 градусқа дейін, ал түнде -2-ден -5 градусқа дейін салқындауы ықтимал.
Пікірлер