A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:30 0

ШҚО-да тағы да мал ұрланды

Бүгін / ШҚО

«Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасында өңірде үш күн ішінде ондаған заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған шара 17–19 қараша аралығында өтті. Соның аясында полиция қызметкерлері мал тасымалдау, сату және жаю тәртібінің сақталуын қадағалап, бірқатар тексеру өткізіп, рейд жүргізді.
Нәтижесінде 27 құқықбұзушылық анықталып, 57 адам малды дұрыс жаймағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, жедел іс-шара кезінде бұрын жасалған екі мал ұрлығы фактісі ашылды. Ұлан ауданында жайылымнан екі ірі қара ұрланып, мал иесіне 2 000 000 теңге көлемінде шығын келтірілгені анықталды. Глубокое ауданында да мал ұрлығының жолы кесіліп, қылмыскерлер бір ірі қараны ұрламақ болған. Келтірілген шығын мөлшері 600 000 теңгені құрады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив